Балабақшамыздағы іс-шара
Мектепалды “Қарлығаш” тобы
Тақырыбы: “Дыбыстар еліне саяхат”
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тексеру.Дыбыс,сөз,буын, сөйлем туралы түсініктерін бекіту. Балалардың ой-өрісін,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту,сөйлем құрастыруға дағдыландыру. Өз бетімен жұмыс жасауға,ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Тогисова У.Т
Тақырыбы: “ Мамандықтар әлемі”
Мақсаты: Балаларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру, олардың қоғамдағы маңызын ұғындыру. Әр мамандықтың атқаратын қызметін таныстырып, балалардың ой-өрісін кеңейту, еңбекке деген қызығушылығын арттыру. Өз болашағына деген алғашқы қызығушылықтарын қалыптастыру және үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ересек “ Сұңқар” тобы
Тақырыбы: “ Қоқысты сұрыпта”
Мақсаты:Балаларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, қоқыстарды дұрыс сұрыптауға үйрету және табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулу.
Мақсаты: Табиғаттың маңызын түсіндіру. Қоршаған ортаны ластамау керектігін үйрету. Қоқысты дұрыс тастау және сұрыптау дағдыларын қалыптастыру. Табиғатты қорғауға деген қызығушылықтарын арттыру.
“Әке-үлгі, әке-өнеге” сенбілік, ағаш отырғызу акциясы.
“Таза Қазақстан” жобасы-бұл тек тазалық емес, бұл еліміздің жаңа экологиялық келбетін қалыптастыру және туған жерге деген шынайы жанашырлықтың көрінісі.

“Жұлдыз” мектеп алды тобы
Такырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларга гарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі жане оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру. Логикалық ойындар арқылы, балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, интелектуалдық деңгейін көтеру. Ұжымдық жұмые жасауға баулу, достық қарым-қатынас орнату.
Тәрбиеші: Шекерова М. А

"Қарлығаш" мектепалды тобы
Тақырыбы:
«Су асты әлеміне саяхат »
Мақсаты: Балаларды су асты әлемімен таныстыру, теңіздегі тіршілік иелері туралы түсініктерін кеңейту, олардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету және табиғатқа деген қызығушылықтары мен қамқорлық сезімін қалыптастыру.
Тәрбиеші: Сырлыбай.Д. Б.
Тақырыбы:
«Асық еліне саяхат»
Мақсаты:
Балалардың жыл бойы меңгерген білімдерін қорытындылау арқылы ұлттық ойын – Асық туралы түсініктерін кеңейту. Ойын барысында балалардың логикалық ойлауын, сандық ұғымдарын, түстерді, пішіндерді ажырату қабілеттерін бекіту.
Сонымен қатар:
кеңістікті бағдарлау (оң–сол, жоғары–төмен) дағдыларын дамыту
санау, салыстыру, сәйкестендіру қабілеттерін жетілдіру
топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдауға тәрбиелеу
ұлттық құндылықтарға қызығушылықтарын арттыру
Мектепалды "Байтерек"тобы
Педагог: Гульмира Амангелдіқызы
МДҰ педагогтері қауымдастығының аясында өткен дене шынықтыру семинары. Тақырыбы: “Су асты әлеміне саяхат”
Мақсаты: Балалардың тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту және қызықты, көңілді ойындарды пайдалану арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Ашанов.С
“Педагогикалық “Sabaqtastyq” жобасы аясында
"Бэйшешек", "Жұлдыз", мектепалды
топтарының тәрбиеленушілері Nº24 ж. Аймауытов атындағы орта мектепке саяхатка барып кайтты. Спорт залда спорттық сайысқа көрермен болып қатысты. Және 1 сынып оқушыларымен бірге Ғарышкерлер күніне арналған тәрбие сағатында болып, сұрақтарға жауап берді.
Цифрлық сауаттылық туралы да қызықты ойындармен толығырак танысты.
Максаты: балаларға білім ордасын көрсету, мектеп туралы тусінік беру.
Пайдалы ақпараттар үшін мектептің директоры С.Қалиевке және бастауыш сынып мұғалімдері мен басшының оқу жөніндегі орынбасары Кентай Сұлтанбекқызына көп рахмет айтамыз.
Балалар жаксы көңіл күймен кайтты.
Тақырыбы: "Көктем кереметі: Мақсаты: Балаларды көктем мезгілімен таныстыру, сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Қарапайым сөйлемдер құрастыруға дағдыландыру, сұрақтарға жауап беруге үйрету. Сөздік қорын кеңейтіп, дыбыстарды анық айтуын дамыту. Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиеші: Кабылбекова Г.К.
Ересек “Сұңқар” тобы
Тақырыбы: “Қызықты математика”Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, 1-5ке дейінгі сан мен санау дағдыларын дамыту, пішіндерді, көлемдерді және кеңістікті ажырата білуге үйрету. Ойын арқылы логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін және қызығушылығын арттыру.
Тәрбиеші: Ерсултанова А. Т
Ұлттық ойындар отбасы мақтаныш
Ата аналармен балабақша тәрбиеленушілердің арасында өткен спорттық ойын
Көрісу күні -Амал мерекесі күніне орай
«Жұлдыз» мектепалды тобында «Қош келдің, әз Наурыз» атты наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік өтті. Мақсаты:Балаларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз туралы мағлұмат беру. Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Балалардың инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиеші: Шекерова М.А
Музыка жетекшісі: Нокина А. М
19 наурыз Жаңару күніне орай
«Сұңқар» ересек тобында «Жыл басы-Наурыз» атты наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Балаларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, оның мәнін, мазмұнын таныстыру. Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге, қазақ халқының мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын білуге тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ән айту, би билеу арқылы өнерге баулу. Достыққа, бірлікке, мейірімділікке тәрбиелеу, көктем мерекесінің шаттық көңіл-күйін сезіндіру.
Тәрбиешілер: Ерсултанова А . Т, Жақсыбергенова Л
Музыка жетекшісі: Нокина А. М
“Ұлттық ойындар-ұлт қазынасы” атты спорттық шара. Аталған іс-шара барысында қазақ халқының дәстүрлі ойындары ұсынылып, қатысушылар өздерінің ептілігі мен ұйымшылдығын көрсетеді. Бұл шара ұжымдық рухты арттырып, әріптестер арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға ықпал етеді.
Бүгін №68 “Балбұлақ” балабақшасында “Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі:тепе-теңдік пен кәсіби шекара” атты тақырыпта Қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен психолог А.Ә.Айбосын тренинг кейс өткізді.

«Жұлдыз» және «Қарлығаш» мектепалды топтары.
«Ережелер еліне саяхат»
«Жұлдыз» және
«Қарлығаш» мектепалды топтары.
Мақсаты:
Балаларды қоғамдағы тәртіп ережелерімен таныстыру, ережелерді сақтауға үйрету.
Балаларға күнделікті өмірдегі қарапайым ережелерді түсіндіру. Тәртіп сақтаудың маңызын ұғындыру. Ойын арқылы дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажырата білуге үйрету. Ұжымда бір-біріне көмектесіп, сыйластықпен әрекет етуге үйрету.
Балабақшамызда тәрбиеленушілеріміз бен ұжым педагогтері «Анаға арнау» атты мерекелік челленджге қатысты.
Челлендждін максаты - эстетикалык тәрбие беру аркылы өскелен ұрпак
бойындағы мейірімділік пен анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Челлендж
Қалалық «Брейн-ринг» байқауы
Жол жүру ережелерін білу туралы білімдерін кеңейту,
педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру
Ертегілер еліне саяхат
Made on
Tilda